Банкроттыққа өтініш беру жеңілдейді. Жаңа ереже пайда болады

1367

Елімізде жеке тұлғалардың банкроттыққа өтініш беруі жеңілдейді. 

Банкроттыққа өтініш беру жеңілдейді. Жаңа ереже пайда болады Фото: freepik.com

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Айтуларынша, жаңа ереже пайда болады екен. Яғни, енді борышкерге банктегі қарызын реттеуге талпынғанын растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.

Оның үстіне өтініш беруші қарыздың жалпы сомасы мен несиені сатып алған компанияның атын білудің қажеті болмайды. Мерзімі өткен несиелерді төлеу жағы да жақын арада қаралатын болады. Салық қызметі болса, мерзімі өткен несие бойынша төлемнің ең төменгі мөлшерін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жоспарлап отыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу