Банкроттыққа өтініш білдіру үшін жұбайының келісімі қажет

207

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға негіз болатын талаптардан 12 ай ішінде кредиторлар алдында қарыздың болмауы фактісі, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс жерлерге шығуына салынатын тыйым алынып тасталды. 

Банкроттыққа өтініш білдіру үшін жұбайының келісімі қажет Фото: газета.ру

ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің айтуынша, түзетулер қаржы басқарушысының да қызметіне қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Атап айтқанда, енді уәкілетті орган оны тағайындап қана қоймай, қызметін дұрыс орындамаған жайдайда оны істен шеттете алады", – деді спикер.

Сондай-ақ қаржы басқарушысының өз сыйақысын алудағы құқықтарын қорғайтын түзетулер көзделген, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін жұбайының келісімінің қажеттілігі орнатылды, борышкердің кредиторды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы ескерту міндеті алынып тасталды.

"Банкроттықтың қандай салдары бар? Ссот және соттан тыс банкроттықты қолданатындар банктер мен микроқаржы ұйымдарынан бес жыл бойы несие ала алмайды; жеті жылдан кейін ғана банкроттықты туралы қайта өтініш бере алады; олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі", – деді Қаржы министрлігінің өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу