Банкте ақша сақтайтындар азайған

938

Банкте ақша сақтайтындар азайған

 

Қазақстандықтар банкте ақша сақтауды сиретті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұлттық банктің  мәліметінше, соңғы төрт жылда депозиттердің саны тек өсумен болған. 2013-ші жылы екінші деңгейлі банктер депозитке 3,8 триллион теңге қабылдаса, ал былтыр бұл көрсеткіш 7 триллионнан асты. Яғни, депозиттер жылда кемінде 1 жарым триллионға толығып отырған. Ал биылғы көрініс қаржыгерлерді қуантып отырған жоқ. Өйткені, салымшылар биыл тек 941 миллион теңге тапсырған. Нәтижесінде, депозит қоры 8,2 триллион теңгеге ғана толығып отыр. Тіпті, салым мөлшері ең төмен деген депозиттердің өзі сұранысқа ие болуды қойыпты. Біреулер мұны банктерге деген сенімнің жоғалуымен түсіндірсе, енді біреулер салымдарының үстіне қосылатын сыйақының азаюымен байланысты дейді.

Ұзақ мерзімді депозиттердің жылдық сыйақысы 14 пайыз болуы - банктер үшін тиімсіз. Сондықтан көптеген қаржы ұйымы салымшылардың қаражатын 12,5 пайыздан артық өсіріп бере алмай отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу