Банкте роботтар жұмыс істей бастады

1673

Банкте роботтар жұмыс істей бастады

Ресейдің "Сбербанк" бөлімшесінде роботтар жұмыс істей бастады. Олардың саны әзірге екеу. Бірі кезекке талон берсе, екіншісі тұтынушылардың қызмет көрсетуге берген бағасын жазып алады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Кезекке талон беруші роботтар адамның сұрақтары мен дауысын тани алады. Оған тұтынушы банкке келудегі себебін айтса, соған сәйкесінше талон береді. Егер робот тұтынушыны түсінбесе, роботқа дисплей орнатылған.

Алдағы уақытта "Сбербанк" роботтарға "кеңес беруші" функцияны қосуды жоспарлап отыр.

Бірінші кезекте банк өкілдері роботтарға қарт кісілер қалай қарайтындығын анықтап алғысы келеді. Себебі роботта әр тұтыншының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, робот кеңесшінің мүмкіндіктері көп болуы керек. Сонымен қатар, олар роботтарды адамның бет-әлпетін есте сақтап қалып, банкке келесі келгенде жеке схема бойынша жұмыс жасауға үйретеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу