Банктегі шоттарға қойылған шектеулер алынады

913

Жасалатын жеңілдікке тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, барлық қазақстандықтар ілігеді.

Банктегі шоттарға қойылған шектеулер алынады

Қазақстандықтардың банктегі шоттарына қойылған шектеулер алынады. Бұл 42500 теңгені кедергісіз беру үшін жасалмақ, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі төтенше жағдай кезінде банктердегі шоттарға қойылған шектеулер уақытша ғана алынады.  Жасалатын жеңілдікке тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, барлық қазақстандықтар ілігеді.

Ел тұрғындары 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін банктерге шот ашуға ағылған. Салдарынан карантин тәртібі бұзылып, тұрғындар арасында төбелес те болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу