Банктен 87 млн теңге ұрлаған қостанайлық Ресейде ұсталды

837

Ол ақшаны өзінің және туысқандарының несиесін жабуға аударғанын мәлімдеді. Қарыз сомасын интернет арқылы төлепті.

Банктен 87 млн теңге ұрлаған қостанайлық Ресейде ұсталды

Банктен 87 млн теңге ұрлап, елден қашқан қостанайлық Ресейдің Челябі облысында ұсталды. Күдікті бір аптаның ішінде ғана 30 млн теңгені жұмсап үлгерген, деп хабарлайды Atameken Business.

Алдын ала жауап алу барысында ол ақшаны өзінің және туысқандарының несиесін жабуға аударғанын мәлімдеді. Қарыз сомасын интернет арқылы төлепті.

Есте болса, еліміздегі танымал банктердің бірінде қызмет атқарған азамат қомақты қаржыны қалтасына басқаннан кейін, такси жалдап, шекара асып кеткен еді. Күдіктіні іздеу жұмыстарына ресейлік мамандар да жұмылдырылды. Нәтижесінде бір апта ішінде қостанайлықтың жалға алған пәтері анықталып, 20 қараша күні қолға түскен. Тәртіп сақшылары тінту барысында 58 млн теңгені ғана тапқан. Қазіргі таңда күдіктіні елімізге экстрадициялау мәселесі шешілуде. Ал, оған дейін Челябі қаласының уақытша ұстау изоляторында отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу