Банктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша 170 млрд теңгеге несие берді

629

Жалпы қазақстандықтардан 25 мың 354 өтініш түскен.

Банктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша 170 млрд теңгеге несие берді

Елімізде "7-20-25" бағдарламасы бойынша 169,9 млрд теңгеге 14 мың 836 өтініш мақұлданды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2020 жылдың 23 қаңтарына дейін 281,1 млрд теңгеге 25 мың 354 өтініш түскен. Оның ішінде 144 млрд теңгеге 12 мың 253 несие берілген.

"7-20-25" ипотекалық тұрғын-үй бағдарламасының операторы Ұлттық банктің еншілес мекемесі – "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу