Банктер Ақтаудағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың несиесін кешіреді

Орталық банктің ұсынысын басқалары да іліп әкеткен. 

Банктер Ақтаудағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың несиесін кешіреді Фото: ТЖМ

Әзербайжан банктері мен несиелік ұйымдары Ақтау қаласы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан жандардың несиесін кешіру жайлы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Report-тың жазуынша, бұл жайлы банктер қауымдастығы (ABA) мен Әзербайжан микроқаржыландыру қауымдастығының (AMFA) бірлескен мәлімдемесінде айтылған. Олардың мұндай шешім қабылдауына қаза тапқандардың отбасыларына деген жанашырлық себеп болған. Марқұмдардың несиесін банк пен несие ұйымдары өз есебінен жабуға бекініп отыр.  

– Баку-Грозный рейсінің экипаж мүшелері мен жолаушыларының қайғылы қазасы бүкіл елді, оның ішінде Әзербайжанның банк қауымдастығына да ауыр тиді. Әзербайжан орталық банкінің ұсынысы бойынша ABA және AMFA қаза тапқандардың несиелерін есептен шығарады. Қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектеспіз, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласына 3 шақырым жерде Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы құлаған болатын. Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты, ішінде Қазақстан азаматтары да бар. Әуе кемесі Бакуден Грозный қаласына бағыт алған-ды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу