Банктер автонесие алуға түскен 10 өтініштің 9-ын қабылдамайды

 Бұған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы институттарында жүргізген сауалнамасының нәтижелері дәлел.  

Банктер автонесие алуға түскен 10 өтініштің 9-ын қабылдамайды

2022 жылдың 9 айына қазақстандықтар автонесие алуға 1 млн 221,2 мың өтініш берген.  Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 1,7% төмен, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроның сараптамалық арнасына сілтеме жасап.

Мақұлданған өтінімдер саны әлдеқайда азайды - 22,9%. Егер өткен жылдың 9 айында 168,9 мың өтініш қабылданса,  биыл 130,3 мың несие мақұлданған.

Осылайша, берілген несиелердің үлесі 13,6%-дан 10,7%-ға дейін төмендеді.

Ұлттық Банк мұны "автонесие шарттарын қатаңдатуға байланысты" деп түсіндіреді: пайыздық мөлшерлеме өсті, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар да артты. 

Бұған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін көтеру және банк өнімдерінің скорингтік үлгілерін қайта қарау әсер етті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу