Банктер "Баспана Хит" бағдарламасына ұқсас кредиттеу талаптарын әзірледі

864

"7-20-25" бағдарламасының мерзімі шектеусіз, бағдарлама бекітілген 1 трлн теңге лимитіне жеткенге дейін іске асырылады.  

Банктер "Баспана Хит" бағдарламасына ұқсас кредиттеу талаптарын әзірледі

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ "Баспана Хит" пен "7-20-25" бағдарламаларының іске асырылу мерзіміне қатысты ресми түсініктеме берді, деп деп хабарлайды inbusiness.kz.

"7-20-25" бағдарламасы 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінде айтылған "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бастамасы шеңберінде басталған еді. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 325 млрд теңгеге жуық көлемде несие берілген, осылайша 27 мың қазақстандық отбасы жаңа үй алыпты.

"7-20-25" бағдарламасының мерзімі шектеусіз, бағдарлама бекітілген 1 трлн теңге лимитіне жеткенге дейін іске асырылады. "Баспана Хит" бағдарламасы 600 млрд теңгеге, яғни бекітілген индикаторға сәйкес осы лимитке жеткеннен кейін аяқталады", – деп нақтылады қордың баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде "Баспана Хит" бойынша жалпы берілген қарыздар сомасы 493 млрд теңгені құрады, соның нәтижесінде 54 мыңнан астам отбасы баспана алған.

"Бұл ретте "Баспана Хит" бағдарламасы халық үшін қолданыста болған үйлер нарығында ипотеканың қолжетімділігін арттыру бойынша өз міндетін толық орындағанын атап көрсеткен жөн. Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктер "Баспана Хит" бағдарламасына ұқсас кредиттеу талаптарын әзірледі және ұсынуда. Демек, енді мемлекет тарапынан ипотека нарығының осы сегментін одан әрі ынталандыру қажеті жоқ. Бұл жағдай бағдарламаны жоспарлы түрде аяқтауға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ Ұлттық банкінің еншілес ұйымы, "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының операторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу