Таиланд Қазақстан азаматтарына виза беруді тоқтатты

782

Бұл туралы  ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram парақшасында жариялаған.  

Таиланд Қазақстан азаматтарына виза беруді тоқтатты

Қазақстанның Бангкок қаласындағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, Таиланд Корольдігінің Үкіметі коронавирус COVID-19 пандемиясына байланысты 18 елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарына ел аумағына келгенде берілетін визаларын (Visa on Arrival) рәсімдеу мүмкіндігін тоқтатты.

Бұл туралы  ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram парақшасында жариялаған.

Ведомство мәліметінше, Таиландқа бару үшін Қазақстан азаматтары шетелдердегі Корольдіктің дипломатиялық өкілдіктерінің бірінде кіру визасын рәсімдеуі қажет. Тай тарапының бұл шешімі 2020 жылғы 13 наурыздан 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады және коронавирустың таралу деңгейі төмендегеннен кейін қайта қаралады. "Осыған қарай, ҚР азаматтарына осы елге жоспарланған сапарларына алдын-ала дайындалу қажеттілігіне назар аударамыз",- деді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу