Банктер екі жыл ішінде кассалардың қауіпсіздігін күшейтуге міндеттелді

135

Бұл шаралар қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. 

Банктер екі жыл ішінде кассалардың қауіпсіздігін күшейтуге міндеттелді Фото: inbusiness.kz

Қаржы ұйымдары 2 жыл ішінде кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған үй-жайларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге тиіс. Бұл туралы Ұлттық банк жариялаған ақпаратта жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық Банк 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 Басқарма өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл өзгерістер (кассалық торап үй-жайларына қатысты) жекелеген  нормаларды  үй-жайларды бұзу және ену қатерлерінен қорғаудың өзекті әдістері көрсетілген ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру аясында енгізілді.

"Жаңартылған талаптар кассалық торап үй-жайларындағы терезе ойықтарын қорғау мақсатында орнатуға рұқсат етілген жабдықтардың тізбесін кеңейтуді, сондай-ақ сейф бөлмелеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын өзектендіруді көздейді. Бұл шаралар қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға, құндылықтарды сақтауға және үй-жайлардың эстетикалық келбетін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте, енгізілетін өзгерістерге сәйкес үй-жайларды бейімдеу қаржы ұйымдарының шығыстарына тікелей әсер ететінін ескере отырып, өтпелі кезең көзделген. Яғни, қаржы ұйымдары 2 жыл ішінде (ресми жарияланған сәттен бастап) кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған үй-жайларды сәйкестендіруге тиіс", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық пошта операторы қызметінің әлеуметтік құрамдас бөлігін ескере отырып, оған қатысты жеке өтпелі кезең 5 жыл ішінде көзделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу