Банктер халықтың несиесін кешірген жағдайда салықтан босатылуы мүмкін

841

Банктер халықтың несиесін кешірген жағдайда салықтан босатылуы мүмкін

"Салық және бюджетке өзге де міндетті төлемдер туралы" жаңа кодекстің жобасында қаржы секторын сауықтыру үшін сондай-ақ ынталандыру шаралары ұсынылып отыр, деп хабарлайды naryk.kz.

Бұл туралы мәжілісте ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

"Күмәнді активтерді басқару ұйымының (КАБҰ)  сатып алынған мүлкіне салық салуды екітүрлі түсіндіру жойылатын болады", дейді Дәленов. Яғни, егер банк қарыз алушының несиесін кешіретін болса, онда 10%-дық табыс салығын төлемейтін болмақ.

Оның айтуынша, жеке тұлғалар үшін қарызды кешіру кезінде банктердің жеке табыс салығынан босату көзделуде.

Проблемалық активтерді коллекторларға беру кезінде коллектордың дисконтына активті өтегеннен кейінгі факті бойынша салық салынатын болады.

Жинақтаушы сақтандыруға жеке табыс салығын салу тәртібін өзгерту ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу