Банктер көлік саласын несиелеуді қарқындатты

994

Банктер көлік саласын несиелеуді қарқындатты

Үстіміздегі жылы көлік саласының келешегін оң бағамдаған банктер оны несиелеуді жандандырды. Банктердің көлік-логистикалық кәсіпорындарына берген қарыздары қыркүйектің соңында 532 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп, деп жазады "Finprom.kz".

Саланы несиелеудің артуы көлік-логистика саласында өсімге аздап болса леп берген. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде саладағы қызметтердің нақты көлемі өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артқан.

Қазақстанның тұтастай экономикасы аталған кезең ішінде бар болғаны 0,4%-ға ғана өскен болса, ал көлік саласы үстіміздегі жылы өсімге серпін берген басты драйвер бола білді. Несиелеу тек бұған дейін ашық болған несие желілерін қайта құрылымдау бойынша артып отырған жоқ. Банктер сонымен қатар көлік және жүк сақтаумен айналысатын кәсіпорындарға жаңа несие бере бастаған. Үстіміздегі жылдың 9 ай ішінде сала 221 млрд теңгенің жаңа несиелерін алған. Бұл өткен жылы берілген несие көлемінен 53%-ға көп. Жаңа несиелердің шамамен 44%-ы – ұзақмерзімдік қарыздар. Банктер биылғы жылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жобасы бойынша қазақстандық учаскенің құрылысы аяқталуына байланысты салаға ұзақ қаржыландыру жүргізе бастаған. Болжам бойынша, жобаны іске асырудың соңына таман жалпы жүк ағыны 2,5 есеге артып, жылына шамамен 33 миллион тоннаны құрайтын болады делінеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу