Банктер шағын бизнеске қысқамерзімді несие беруді азайтуда

1108

Банктер шағын бизнеске қысқамерзімді несие беруді азайтуда

Банктер шағын бизнес келешегін қолдауға ұзақмерзімді несие беруді қалайды. Сенімді ұзақмерзірмді қарыз берудің көлемі 12%-ға өскен, ал жоғары тәуекелді және қысқамерзімді несие беру, керісінше, екі есе қысқарған.

2017 жылдың қарашасының қорытындысы бойынша шағын бизнеске берілген несие көлемі 3,1%-ға азайған, бір жылда 2,9 трлн теңгеге дейін қысқарған. Бұған қоса 2017 жылыдң қараша айының өзінде ШКС несие қоржыны бірден 8,0%-ға қысқарған.

Банктер ұзақмерзімді сенімді несие бергенді дұрыс көріп отыр, бұл несие түрінің үлесі бір жылда 74,8%-дан 86,2%-ға дейін өскен, ал көлемі 2,2 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін өскен. Ұзақмерзімді несие бойынша мерзімін кешіктіру үлесі бір жылда 37,1%-дан 35,7%-ға азайған.

Ал қысқамерзімді несие көлемі бір жыл ішінде 2 есе қысқарып, 748,4 млрд теңгеден 395,3 млрд теңгеге дейін азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу