Ranking.kz сайты шағын және орта бизнеске несие беретін банктердің жұмысына талдау жасады. Сол талдауға сенсек, пайызы ең төмен несиені 3 банк ұсынып отыр. АТФБанк бизнес-несиені 13,2%-бен ұсынып отыр Ал Халық Банктің ең төменгі пайыздық мөлшерлемесі –13,5%. Jýsan Bank-тің шағын және орта бизнес өкілдеріне беретін несиесі 15%-дан басталады.
"Бизнеске борыш сомасын шектеусіз беретін екі банк қана бар. Олар – АТФБанк және Банк ЦентрКредит. Ал Jýsan Bank пен Халық Банк 5 млрд теңгеге дейін, ForteBank 2 млрд теңгеге дейін, Нұрбанк 1 млрд теңгеге дейін неисе бере алады" – деп жазады Ranking.kz.
Шағын және орта бизнес несиелерінің ең ұзақ мерзімі –10 жыл.