Банктер тамақ өнеркәсібін берілетін несиелер көлемін арттырды

857

Аталған саланың қарыз көлемі 10%-ға өсті.

Банктер тамақ өнеркәсібін берілетін несиелер көлемін арттырды

Биылғы жылдың басында өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласына берілген несиелер көлемі 376,4 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда 9,6%-ға жоғары, деп хабарлады Ranking.kz.

Өңірлер бойынша ең көп қарыз Алматы (177,7 млрд теңге, ҚР бойынша 47,2%), Қостанай облысы  (41 млрд теңге, ҚР бойынша 10,9%), Нұр-Сұлтан (34,5 млрд теңге, ҚР бойынша 9,2%), Шымкент (29 млрд теңге, 7,7%) және ШҚО-да (15,9 млрд теңге, 4,2%).

Аталған сектор дамып келеді. Сондықтан банктер де көбірек несие бере бастады. Осылайша өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласына ұсынылған қарыз экономикадағы жалпы несиелердің 2,7%-ын құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6% болатын. Ал  жалпы өндіріс саласына берілген несиелер көлемі 19,9%-ға жетті. 2018 жылы 17%-ға тұрақтаған. 

Бұл ретте банктердің азық-түлік және сусындар өндірісі саласына бөлген қарызы 376,3 млрд теңгеге жетті. 

Ал жалпы 2019 жылы азық-түлік өнімдерін шығару көлемі 1,63 трлн теңгені құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,56 трлн теңге болатын. Аталған салада Алматы облысы, Алматы қаласы, Қостанай облысы көш бастап тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу