Банктерде қауіпсіздік шоты болмайды

672

Әлеуметтік инженерия адрестерін қолдану арқылы шотыңыздағы қаражатқа қауіп төнгенін хабарлау – алаяқтықтың кең тараған түрі. 

Банктерде қауіпсіздік шоты болмайды Фото: aikyn.kz

Қауіпсіздік шотына ақша аудару туралы хабарласқан адамға сенбеңіз, ол – алаяқ. Бұл туралы "Интернет алаяқтыққа қарсы күрес шаралары туралы" брифингте Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әлеуметтік инженерия адрестерін қолдана отырып, шоттағы күдікті операциялар немесе несие алуға әрекет туралы хабарлайтындар бар.

"Көбінесе олар өздерін полиция немесе прокуратура қызметкерлері санатында таныстырады және банктің жемқор қызметкерін ұстайын деп арнайы операция жүргізіп жатырмыз, "оны ұстайтын кезде, қазір бізге көмектеспесеңіз болмайды" деп азаматтарды арбауға салып, алдап, ақшаларын жымқырады. Немесе қауіпсіздік шотына аудармасақ, ақшаңызды ұрлап кетеді деп, ақшаларын аударуға көндіреді. Ешқандай қауіпсіздік шоты жоқ. Ол ұрлау үшін арналған алаяқтардың шоты", - Жандос Сүйінбай.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу