Қазақстандық банктерде жұмыс істемейтін несиелер деңгейі жыл басынан бері 10 пайызға өсіп отыр. Мұндай мәліметті отандық банк секторына сараптама жүргізген Fitch Ratings агенттігі жариялады. 2016 жылдың соңында жұмыс істемейтін несиелер үлесі 8,6 пайызды құраған болатын. Сарапшылардың айтуынша, алғашқы тоқсанда салымшылардың көптеп кетуінен, несиелердің өтімділігін басқару оңайға соқпаған. Валюта бағамына жүргізілген түзетулер салдарынан бөлшек депозиттер жүйесі 1,1% -ға қысқарса, бөлшек емес депозиттер небәрі 0,7% -ға өсім көрсеткен. Fitch агенттігінің болжамынша, Ұлттық банк қаржы институттары несиелер өтімділігін арттыру үшін
бәріне бірдей қолдау көрсетпейді. Қолдауға тек қосымша капитал бөлуге қауқарлы банктер ғана үміттене болады.