Елдегі кредитор банктердің үздік ондығында ForteBank қарыз көлемінің ай сайынғы өсімінің көшбасшысы атанды (+5,8%, 1,15 трлн теңгеге дейін). Банктің өсу динамикасы тұрақты. Жыл басынан бері қаржы институты 18,7% қосты, бір жыл ішінде несие портфелі 35,8%-ға артты. Банктің танымал несиелік өнімі – кепілсіз несие.
Ірі банктер ішінде ай сайынғы өсім бойынша екінші орынға Отбасы банк орналасты (+3,9%, 2,85 трлн теңгеге дейін). Бұл республикадағы тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк.
Үшінші орын Еуразиялық банкке тиесілі (+3,1%, 1,09 трлн теңгеге дейін).
Айдың қорытындысы бойынша кредитор банктердің үздік ондығына 8 қаржы институты кірді. Ал, жалпы сектор бойынша 21 екінші деңгейлі банк арасында 14-і қосылды.
Портфельдің сапасына келетін болсақ, қазан айында 90 күннен астам мерзімі өткен берешектің (NPL 90+) үлесі 0,08 п.т. өсіп, сектор бойынша жалпы 3,68%-ды құрады.
Жалпы сектор бойынша ForteBank-те несие портфелінің сапасы жақсарды – "NPL 90+" үлесі 0,1 п.т. төмендеді (4,66% дейін). Еуразиялық банкте төлеу мерзімі ұзақ кешіктірілетін берешектің көрсеткіші шамалы өсті – 0,04 п.т. (6,6% дейін). Несие портфелінің сапасы бойынша үшінші орынға Отбасы банк орналасты. Бұл банктің бизнес-моделіне байланысты 90 күннен аса кешіктірілген кредиттер көлемі тұрақты түрде төмен болып отыр.