Банктерді қолдау бағдарламасын тоқтату туралы шешім шықты

688

Банктерді қолдау бағдарламасын тоқтату туралы шешім шықты

Банк секторының жиынтық активтері 23,8 трлн теңге болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарау жөніндегі сенат отырысында айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Банк секторының жиынтық активтері 2018 жылғы 1-сәуірдегі жағдай бойынша 23,8 трлн теңге болды. Жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі банктердің несие қоржынының 10%-ын құрайды. Банк секторының меншік капиталы жылдың басынан бері 1,6%-ға ұлғайып, 3,1 трлн теңге болды. 

Ол 2017 жылы Ұлттық банктің қаржы секторын "қайта іске қосу" шеңберінде банк секторының орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асырғандығын айтып берді. Бағдарлама шеңберінде "Казкоммерцбанк" қалыпқа келтірілді. қазіргі уақытта ол үлкен қормен Ұлттық банк белгілеген нормативтерді орындап отыр. Экономикадағы барлық кредиттердің 30%-дан және халықтың және квазимемлекеттік сектордың барлық депозиттерінің 25%-дан астам үлесі бар 5 ірі банкке қолдау көрсетілді. Қолдау мөлшері 653,7 млрд теңге болды, 710 млрд теңге сомаға жұмыс істемейтін кредиттер есептен шығарылды.

"Мемлекеттік қолдау ортақ негізде көрсетілді. Банктің акционерлері 5 жыл бойы банктерді үстеме капиталдандыруға және активтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар жүргізуге міндеттеме қабылдады. Тұтастай алғанда, банктерді мемлекеттік қолдау есебінен олардың кредиттік қызметінің жандануы байқалады. Бағдарламаға енген сәттен бастап және осы жылғы 1-сәуірге дейін банктер қарыз алушылардың қайта құрылымдалуын ескере отырып, 865 млрд теңге сома, оның ішінде ШОБ субъектілеріне – 315 млрд теңге, корпоративтік бизнеске – 329 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 222 млрд теңге қарыз берілді", - деп хабарлады Ақышев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық банк басқармасы банктерді үстеме капиталдандыру бойынша қараларға қатысты бағдарламаны іске асыруды аяқтау туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу