Банктерді сауықтыру бағдарламасы қазан айынан басталады

1265

Банктерді сауықтыру бағдарламасы қазан айынан басталады

Банктерді сауықтыру бағдарламасы қазан айында басталады. Бұл туралы Ұлттық банк өкілі Олжас Қизатов мәлімдеді.

Маманның айтуынша, қазір жұмыс істемей тұрған несие көлемі портфельдің 11 пайызын құрайды. Алайда шын мәнінде бұл одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан, ұлттық банк әзірлеген банктерді сауықтыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама ағымдағы жылы іске қосылады. Оған арнайы еншілес ұйым құрылып, 600 млрд теңгеден астам, бірақ 1 трлн теңгеге жетпейтін қаражат құйылады. Ол банктерге бірде-екі есебімен қаржылай көмек ретінде беріледі. Яғни 2 теңгені ұлттық банк берсе, 1 теңгені акционерлер құюы керек.

Айта кету керек, банктерге берілген займның қайтару мерзімі 15 жыл. Бағдарламаға активі 45 млрд теңгеден асатын кез келген қазақстандық банк қатыса алады.

Олжас Қизатов, ҚР ҰБ банктерді қадағалау департаментінің директоры:

"Бағдарлама 1 қазаннан бастап іске қосылады. Қазір ол үшін арнайы Ұлттық банкке еншілес "Қазақстан тұрақтылық қоры"компания құрылып, Әділет Министрлігіне тіркеліп жатыр. Одан кейін Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге мемлекеттік құнды қағаздарды өзара алмастыру арқылы қаржыландырады. Жұмсалған қаражат міндетті түрде қайтарылатын болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу