Банктердің активтер сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындалуда

1317

AQR-дың сандық және сапалық нәтижелері Supervisory review and evaluation process қадағалау жүйесіне көшіріледі.  

Банктердің активтер сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындалуда

AQR (Asset Quality Review) бойынша банк активтерінің сапасына байланысты алғашқы нәтижелер белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. 

"Қазір бизнес-процестерді жақсарту бойынша халықаралық тәжірибелер негізінде ұсыныстар дайындалуда. Оның ішінде несиелік құжаттамалар мен кепілді қамтамасыз ету сынды бағыттар негізінде жұмыстар жүргізілуде",-деді Ұлттық банк төрағасы. 

Ерболат Досаевтың сөзінше, AQR-дың сандық және сапалық нәтижелері SREP (Supervisory review and evaluation process) қадағалау жүйесіне көшіріледі. Оның ішінде банк капиталына қадағалау үстемесін қосу сынды жаңа бақылау  тетігін пайдалану бар.  

"AQR-ды уақытылы өткізгенімізді Ұлттық банк қана емес, өзге де халықаралық қаржы ұйымдары мен тексерістен өтіп жатқан банктер де мойындауда. Қаржы институттары бұл құралды пайдалану болашақ үшін өте маңызды екенін түсінді",-деді Ерболат Досаев. 

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банк 1 тамызда банктердік активтер сапасын бақылауды бастады. Аталған тексеріс желтоқсан айында аяқталады деп хабарланған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу