Қадағалау органы банктер азаматтардың несиесі мен қарызынан артық ақша қаражатын ұстап қалу фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еңбек кодексінде (115-бап) және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңында (23-бап) тиесілі жалақы мен зейнетақы сомасының 50%-нан астамын өндіріп алуға тыйым салынған. Алайда банктер азаматтардың шоттарындағы ақшалай қаражаттарын бекітілген тыйымнан жоғары көлемде есептен шығарған.
Белгілі болғандай мұндай фактілер Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.
"Бұл проблема банктердің ақшалай қаражаттың банк шотына түскенге дейін жүргізілген атқарушылық іс жүргізу бойынша ұстаулардан хабардар болмауының салдарынан орын алуда. Осындай әрекеттің салдарынан қарыз алушылар өздерінің жалғыз табыс көзінен заңсыз айырылған, бұл халықтың наразылығын туғызған", – деп жазды қадағалау органының баспасөз қызметі.
Қанат Махамбет