Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі төмендеді

889

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,3%-ға азайып, 2021 жылғы ақпанның соңында 14 552,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі төмендеді Фото: inbusiness.kz

Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 6 986,5 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 7 565,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеген.

"Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 12 762,3 млрд теңгеге дейін 0,01%-ға аздап ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,7%-ға көбейді, жеке тұлғаларға кредиттер 0,4%-ға азайды. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 790,2 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға азайды. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 790,2 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,3%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер 5,7%-ға азайды. 2021 жылғы ақпанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 87,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды",– деп жазылған бас банктің өткен айға қатысты мәліметінде.

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 12 426,4 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға азайып, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 2 126,0 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы ақпанда 2 557,8 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 17,6%-ы) ұлғайыпты.

Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,5%), сауда (11,8%), құрылыс (4,2%) және көлік (3,2%) сияқты салаларға тиесілі.

"2021 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,5% (2020 жылғы ақпанда – 12,0%), жеке тұлғаларға - 18,2% (19,0%) болды",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу