Банктердің экономиканы несиелеу көлемі бір айда 3,6%-ға өсті

1155

Шетел валютасындағы қарыздар көлемі 2 013,1 млрд теңгеге дейін 12,6%-ға ұлғайды. 

Банктердің экономиканы несиелеу көлемі бір айда 3,6%-ға өсті

Банктердің экономиканы несиелеу көлемі бір айда 3,6%-ға ұлғайып, 2021 жылғы мамырдың соңында 15 640,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Заңды тұлғаларға несиелер көлемі 7 431,1 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, жеке тұлғаларға берілген қарыз көлемі 8 209,5 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды. Ұлттық валютадағы несиелер көлемі бір айда 13 627,5 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға өсті. Олардың құрылымында несие беру көлемі заңды тұлғаларға 1,0%, жеке тұлғаларға 3,3% өсті", – деп хабарлады реттеуші.

Шетел валютасындағы несиелер көлемі 2 013,1 млрд теңгеге дейін 12,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген қарыз 12,9%-ға өсіп, жеке тұлғаларға 4,4%-ға төмендеді. Теңгемен берілген қарыздардың үлесі 2021 жылғы мамырдың соңында 87,1% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.
Ұзақ мерзімді борыштар көлемі бір айда 13 412,8 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді несиелер көлемі – 2 227,8  млрд теңгеге дейін 1,6%-ға артты.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 2021 жылғы мамырда 2 827,0 млрд теңгеге дейін 12,2%-ға өсті. Бұл экономикаға берілген қарыздардың жалпы көлемінің 18,1%-ы. Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға берілген қарыздардың ең көп сомасы өнеркәсіп (29,3%), сауда (21,4%), құрылыс (8,0%) және көлік (5,9%) саласына тиесілі.

2021 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,6% (2020 жылғы мамырда – 11,4%), жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген қарыздар бойынша сыйақы 17,5% (17,6%) болды.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу