Банктердің Қазақстан экономикасын несиелеу көлемі ақпанда 3,3%-ға өсті

1274

Жыл басынан бері 31,3%-ға артты. 

Банктердің Қазақстан экономикасын несиелеу көлемі ақпанда 3,3%-ға өсті

Банктердің экономиканы несиелеу көлемі ақпанда 3,3%-ға өсіп, 2022 жылғы ақпанның соңында 19,105 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері өсім 31,3%-ды құрады.

Заңды тұлғаларға берілген несиелердің көлемі бір айда 4,6%-ға, 8,073 трлн теңгеге, жеке тұлғаларға – 2,3%-ға, 12,032 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы несиелердің көлемі бір айда 2,2%-ға өсіп, 17,076 трлн теңгені құрады. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген несиелер 2,1%-ға, жеке тұлғаларға – 2,3%-ға өсті.

Шетелдік валютадағы несиелердің көлемі 12,9%-ға өсіп, 2,029 трлн теңгені құрады. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген несиелер 13%-ға өссе, жеке тұлғаларға берілген несиелер 8,5%-ға қысқарды. Теңгедегі несиелердің үлесі 2022 жылғы ақпанның аяғында 89,4%-ды (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) құрады.

Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі бір айда 2%-ға өсіп, 15,941 трлн теңгеге, қысқа мерзімді несиелер көлемі 10%-ға өсіп, 3,164 трлн теңгеге жетті.

Шағын бизнесті несиелендіру 2022 жылғы ақпанда 8,7%-ға өсіп, 3,894 трлн теңгені құрады (корпоративтік секторға берілген несиелердің жалпы көлемінің 48,2%-ы).

2022 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2%-ды (2021 жылғы ақпанда – 11,5%), жеке тұлғаларға – 18,4%-ды (18,2%) құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу