Биылғы жылдың 1 наурызында қазақстандық банктердің несие портфелі 24,3 трлн теңгеге жетті, бұл бір ай бұрынғыдан 0,6%-ға артық, деп хабарлайды ranking.kz.
Портфельдің жылдық өсімі 19,6%-ды құрады. Несиелер көлемінің ай сайынғы өсімі бойынша еліміздің кредитор банктерінің ондығында Еуразиялық банк көш бастап тұр: + 2,5%, 1,2 трлн теңгеге дейін.
Бір жыл ішінде көрсеткіш бірден 56,1%-ға өсті, бұл да Қазақстан Республикасының банк секторындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Банктің несиелік портфелінің сапасы артып келеді: 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдері бар несиелердің портфельдегі үлесі бір ай бұрынғы 5,01% және бір жыл бұрынғы 7,54%-ға қарсы 4,96%-ды құрады.
Халықаралық сарапшылар да оң динамикаға тоқталды.
Банк RBK несиелердің ай сайынғы өсімі бойынша екінші орында: + 1,8%,
биылғы жылдың наурыз айына дейін 890,4 млрд теңге.
Бір жыл ішінде көрсеткіш 32,9%-ға өсті. Банктің несие портфеліндегі NPL 90+ үлесі 3,39%-ды құрады.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының 21 ЕДБ-нің 13-і секторда оң аумақта. Банк секторындағы NPL 90+ деңгейі орташа алғанда бір жыл бұрынғы 3,48%-ға қарсы 3,41%-ды құрады (бір айда көрсеткіш өзгерген жоқ).