Банктердің өңірлердегі филиалы қысқарып, банкоматтар саны артқан

988

Елімізде барлығы 27 банк жұмыс істейді.

Банктердің өңірлердегі филиалы қысқарып, банкоматтар саны артқан

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің филиалдары мен қосымша ғимараттары саны 2019 жылдың желтоқсан айының басында бар-жоғы 1,9 мыңды құраған, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға аз.

Ranking.kz-тің жазуынша, банкоматтар желісі керісінше 8,3%-ға өсіп, 2019 жылдың қараша айында 11,7 мың құрылғыға жетті, оның 39,3%-ының қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар (бір жыл бұрын – 25,8% болған еді).

Еске сала кетейік, Қазақстанда барлығы 27 банк жұмыс істейді.

Қазақстан аймақтарының ішінде банк қызметін ұсынатын бөлімшелердің ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан. Еліміздің қаржы орталығында 336 филиал мен бөлімше жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3-ке аз. Дегенмен қаланың республикадағы үлесі 17,3%-дан 17,6%-ға дейін өскен.

Нұр-Сұлтанда 181 банк филиалы бар, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда біреуге ғана аз. Сондай-ақ елорда банктерінің республикадағы үлесі 9,3%-дан 9,5%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, 180 банк ғимараты Шығыс Қазақстанда орналасқан, ал Қарағанды облысында 179 бөлімше мен филиал бар.

Банк филиалдары ең аз орналасқан аймақтарға Қызылорда (52), Түркістан (54) және Солтүстік Қазақстан (59 банк ғимараты) жатады.

2019 жылдың қазан айының соңында дейінгі мерзімге зер салар болсақ, банкоматтар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары алдыңғы орында. Оңтүстік астанада олардың саны 359-ға көбейіп, 2,2 мыңға жеткен, ал Нұр-Сұлтанда, керісінше, 240 құрылғыға азайып, 1,4 мыңға дейін кеміген.

Банкоматтар саны 149 бірлікке өсіп, 977-ге жеткен Қарағанды облысы да көшбасшылардың қатарында. Еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің барлық банкоматтар желісінің 30,9%-ы осы үш өңірге ғана тиесілі.

Филиалдар мен банкомат желілерінің де ең жоғары таралымы күткеніміздей екі мегаполиске тиесілі. Алматыда 100 тұрғынға шаққанда 17,7 банк бөлімшесі мен 116,9 банкомат бар. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 100 мың тұрғынға шаққанда 16,1 банктік қызмет көрсету орны мен 124,4 банкомат орналасқан.

Халықты банктік қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз ету бойынша көшбасшылардың қатарына Павлодар облысы да кірді. Павлодарда 100 мың адамға 14,5 бөлімше қызмет етеді. Ал банкоматтар желісі ең көп тараған аймақтар қатарына Атырау облысында 100 мың тұрғынға 91,6 банкоматтан келеді.

Түркістан облысы – филиалдық желілер ең аз тараған аймақ. Оңтүстік өлкеде 100 мың адамға шаққанда тек 2,7 қызмет көрсету ғимараты бар, ал Шымкент қаласында 8,1 филиал орналасқан. Банкоматтар желісіне келетін болсақ, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 100 мың тұрғынға шаққанда 32,2 банкоматтан ғана келеді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу