2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстандағы банк секторының табысы 40,0% азайып, 17,8 трлн теңгеге түсті, деп хабарлайды naryk.kz.
Ал өткен жылдың осы уақыттағы аталған көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артқан еді.
Жыл басынан бері сектордағы шығын 17,9 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 38,9% аз.
Ал шілде айындағы көрсеткіш бойынша елдегі банктердің табыс салығы 203,9 млрд теңге болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу