Банктердің валюталық операциялар бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқарады

997

Банктердің валюталық операциялар бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқарады

Банктердің валюталық операциялар бойынша төлемдерге қызмет көрсету мерзімі қысқарады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасы таныстырылды.

Заң жобасында валюталық операциялар туралы ақпарат жинау рәсімдерін бір мезгілде жеңілдете отырып, валюталық операцияларды барынша толық қамту көзделеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.

Бас банк басшысы тіркеудің және хабарлаудың күрделі режимдерінің күші жойылады деп атап өтті. Олардың орнына валюталық шарттарды бірыңғай есептік тіркеу енгізіледі. Шарттың сомасы мен нысанасы есептік тіркеу үшін өлшемшарт болады.

"Осындай жағдайларда банктердің валюталық реттеудің қандай режимі, тіркеудің немесе хабарлаудың валюталық операцияға қатысты қолданылатынын анықтауы қажет болмайды. Сондықтан банктердің валюталық операциялар бойынша төлемдерге қызмет көрсету мерзімдері қысқарады. Заң жобасына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты бойынша шарттарға есептік тіркеу рәсімі қолданылады. Бұл валюталық бақылаудың тиімділігін арттыру және валюталық түсімді елге қайтару үшін шарттардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді", - деді Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу