Соңғы 7 айда еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жинақ шығыны 203,9 млрд теңгені құрады. ranking.kz-тің хабарлауынша, 2016 жылдың шілдесінде Қазақстан банктерінің кірісі 243,8 млрд теңгені құраған. Есеп кезеңінде қызмет жүргізіп отырған 33 банктің 5-еуінде шығын тіркелген.
Өткен жылдың осы кезеңінде 35 банктің 3-еуінде кері көрсеткіш байқалған болатын. Ал табысқа жеткен 28 банктің 18-і өткен жылғымен салыстырғандағы өз көрсеткіштерін арттырған. Қаңтар-шілде кезеңіндегі табыстың жоғары көрсеткіштері бойынша "Қазақстан Халық банкі" 88,3 млрд теңгемен көш бастап тұр. Оның артынан 26,7 млрд теңгемен "Kaspi Bank" және "Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі" 14,6 млрд теңгемен үшінші орында келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу