Банктерге белсенді түрде ақша аударатын қазақстандықтар қайда тұрады?

672

Салымдар көлемі бір жыл ішінде 2 трлн теңгеге өсті Депозиттер бойынша жинақ көлемі 12 трлн теңгеден асты. 

Банктерге белсенді түрде ақша аударатын қазақстандықтар қайда тұрады?

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша депозиттерде 12,3 трлн теңге жиналды. Бұл 2019 жылдың дәл осы күнімен салыстырғанда 19,4% немесе 2 трлн теңгеге артық. Оның ішінде жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері - 4,7 трлн теңге (+ 20,5%), шетел валютасында - 3,7 трлн теңге (+ 2,7%).  Заңды тұлғалалардың ұлттық валютадағы салымдары - 2,2 трлн теңге (+ 37,5%), шетел валютасында - 1,5 тлн теңге (+ 36,3%) болған.

Өңірлерге келетін болсақ, депозиттер көлемінің өсімі бойынша Атырау облысы  көшбастап тұр, яғни бұл өңірдегі салым көлемі - 27,1% -ға, 398,5 млрд теңгеге дейін өскен.  Нұр-Сұлтанда- 26,8% -ға, 2,6 трлн теңгеге дейін, Түркістанда - 24,3%-ға, 45 млрд теңгеге дейін және Маңғыстау облысы - 23,6%, 348,6 млрд теңгеге дейін ақша жинаған.

Жалпы, оң динамика Қазақстанның барлық аймақтарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу