Банктерге көмекке қанша қаржы бөлінетіні анықталды

1304

Банктерге көмекке қанша қаржы бөлінетіні анықталды

Ұлттық банк қаржы институттарын сауықтыруды бастап кетті. Бірден бірнеше банкке көрсетілген қаржылық көмектің құны 500-600 млрд теңге. Тұрақтылықты қамтамасыз ету бағдарламасына қатысушылардың ішіндегі Евразиялық, Центркредит, АТФ, Цесна банктеріне жалпы 410 млрд теңге бөлінбек. Ал соңғы уақытта басы дау-дамайға қалып, дағдарысқа ұшыраған РБК банкін сауықтыру бойынша әлі нақты ештеңе бекітілмеген. Дегенмен, оған 240 млрд теңге беріледі деп күтілуде. Ал Цеснабанктегі басқарма төрағасы Ержан Тажияқов өз қаржы ұйымына 100 млрд ұсынылады деп сендірсе, Центр кредит банкіне 60 млрд теңге бөлінбек. Сондай-ақ, тұрақтылық қорына да 4 пайыздық ставкамен 15 жылға несие беріледі. 150 млрд теңгеге ұзақ мерзімді облигацияларды Евразиялық банк шығармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу