Банктік қарыз портфелінің деңгейі көңіл көншітпейді

1070

Қазіргі кезде проблемалық несиелер көрсеткіші қауіпті болып саналатын 9%-дан жоғары деңгейінде тұр.

Банктік қарыз портфелінің деңгейі көңіл көншітпейді

2019 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚР ЕДБ-дің қарыз портфелінің көлемі –13,65 трлн теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға жоғары. Ал 90 күннен аса мерзімі өтіп кеткен (NPL 90+) несие көлемі бірден 8,5%-ға, яғни, 1,28 трлн теңгеге артты. Нәтижесінде NPL 90+ деңгейі жалпы банктік қарыз портфелі бойынша ең қауіпті 9,4%-ға жеткен.
Бір жыл бұл көрсеткіш 8,8% болатын. Осы ретте ҚР Ұлттық банкі бекіткен меже 10%-ды құрайтынын ескерген абзал.
ҚР ЕДБ-дің бірнешеуі ғана бұл салада оң нәтижеге қол жеткізді. 

Бүгінде көш бастап тұрған – Банк ЦентрКредит. Бір айдың ішінде банк мерзімінен асып кеткен несие көлемін 6,1%-ға, 70,2 млрд теңгеге азайтқан.

Сонымен қатар "нашар" несиелер санын Халық банкі де төмендеткен. Олардың NPL 90+ көрсеткіші 5,1%-ға кеміген.
Бұл үштікті Kaspi Bank қорытындылайды. Қаржы ұйымының NPL90+ деңгейі 5%-ға кеміген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу