Бапкерлер емтихан тапсырды

605

Алматыда бірінші дәрежелі IAAF курсы аяқталды.

Бапкерлер емтихан тапсырды

Алматыда Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) лекторларының бірінші деңгейдегі халықаралық курсы аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алты күн бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан жаттықтырушылары IAAF лекторлары өткізген түрлі дәрістер мен шеберлік сабақтарына қатысты. 

Маман ретінде Азия аймақтық жеңіл атлетика қауымдастығының өкілдері Елена Гридасова (Ресей) мен Евгений Шумарин (Тәжікстан) дәріс оқыды. 

Алты күндік курстан соң бапкерлер емтихан тапсырып, өз деңгейлерін тексеруге мүмкіндік алды. Бірінші дәрежелі сертификатқа Александр Сенькин, Александр Кругликов, Иван Хижняков ие болды. Осы арқылы олар түрлі курстарды жүргізуге мүмкіндік алады.

Айта кетелік, мұндай форматтағы курс Орталық Азия аймағында алғаш рет ұйымдасырылып отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу