"Бар бәле сапасыз креслода": Белгілі журналист кейбір шенеуніктердің белгісіз "ауруға" шалдығып жатқанын айтты

1242

Қоғам белсендісі Диас Нұрақын блогерлер мен журналистердің кесірінен кейбір мекеме басшыларының белгісіз науқасқа ұшырап жатқанын айтып, қоғамды дүрліктіріп қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бар бәле сапасыз креслода": Белгілі журналист кейбір шенеуніктердің белгісіз "ауруға" шалдығып жатқанын айтты Фото: canva.com

Оның айтуынша, кез-келген мәселені құр жібермей бақылап отыратын журналистерден секем алған кейбір мекемелер мемлекеттік тапсырыс аясында ең арзан деген тауарларды ала салатын болған. Ал ол тауарлар өз кезегінде адам денсаулығына "зиян" болып шыққан.

 "Блогерлер оңбайды. Госзакуп сайтын ақтарып, ана акимат бәленше миллионға италянский кресло алыпты, түгенше бастық бюджет ақшасына Малайзия жиһазына тапсырыс беріпті деп тіміскілеп отырады. Осындай сыннан секем алған мекемелер енді ең арзан китайский кресло ала салатын болыпты. Ал ол адам денсаулығына зиян", – деп жазған ол желідегі парақшасында. 

Журналистің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу