"Барахолка" базарында өрт болды

939

29 сәуір сағат 9:25-те Алатау ауданы, Солтүстік айналма жолында орналасқан Кенжехан-1 базарынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Барахолка" базарында өрт болды

Оқиға орнына 6 минуттің ішінде келген ТЖД күштері мен құралдары автобөлшектер сататын 3 екі қабатты контейнерлердің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. 

"Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 9 минут ішінде оқшауланды. Жалынның  жапсарлас тұрған контейнерлерге  таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіруге 40 адам, 10 бірлік техника жұмылдырылды", - деп жазылған қалалық ТЖД таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу