"Барахолка" бойындағы жабайы саудаға бақылау күшейтіледі

141

Барахолка маңындағы Солтүстік айналма жол бойында бейберекет сауда жасау мәселесі әлі де өзекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Барахолка" бойындағы жабайы саудаға бақылау күшейтіледі Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева мәлім етті. 

Спикердің сөзінше, "Барахолка" бойындағы жабайы саудаға бақылау күшейтіледі. 

– Сәуір мен мамыр айларында біз рейд жұмыстарын күшейттік. Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай, күн жылынып еді саудагерлер қайта шыға бастады. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз, полиция департаментімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырамыз, тиісті шаралар қабылданады, – деді Жетісу ауданының әкімі. 

Оның айтуынша, жабайы саудамен күресу үшін қосымша шаралар қарастырылып жатыр.

– Қазір бірқатар шара пысықталып жатыр. Бұрын әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды тек полиция қызметкерлері ғана толтыра алатын. Қазір осы өкілеттікті аудан әкімдігінің мамандарына да беру мүмкіндігі қаралу үстінде. Яғни, нақты сауда орындары анықталса, басқа мемлекеттік органдардың көмегін күтпей-ақ, өзіміз барып, хаттама толтыра алатын боламыз. Бұл мәселе әзірге талқыланып жатыр, – деп түсіндірді Ляззат Жылқыбаева. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу