Барахолка тағы отқа оранды (Видео)

1768

Алматыда атақты Барахолка базары жанып жатыр. 

Барахолка тағы отқа оранды (Видео)

Қазірге белгілісі даулы "Мизам" сауда орталығының артында орналасқан көп қабатты қойма өртке оранған. Алайда бұл маңдағы базарлар бір біріне жақын, орналасқандықтан тілсіз жаудың өршіп кету қаупі бар.

"Бізде бар ақпарат бойынша "Мизам" базарының аумағында орналасқан контейнер жанып жатыр. Арнайы техника мен адамдар өртті сөндіруге аттанып кетті. Қазір оқиға орнында жеке құрамның 43 адамы, 12 бірлік техника тілсіз жаумен күресуде. Сонымен қатар, автопоезд пен су шашатын арнайы көліктер жіберілді", –дейді ТЖД өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Мизам" базары заңсыз салынды деп танылып, Алматы әкімдігі мен базар әкімшілігі арасында үлкен дау шыққан.

Видео:

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу