"Барахолкадағы" өрт толығымен сөндірілді

524

Бүгін, 9 шілдеде түскі сағат 12 шамасында Алматыда "Кенжехан-2" киім базары аумағындағы қоймалардың бірі отқа оранған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Барахолкадағы" өрт толығымен сөндірілді Фото: Алматы қалалық ТЖД

"Оқиға орнында бірден жедел штаб құрылып, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды. Көрші тұрған контейнерлерге оттың ұласпасы үшін өрт оқпандары іске қосылды. Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктің жүктемесі барына, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан өрт сағат 14:05-те толықтай сөндірілді", - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Өртті сөндіруге ТЖД және қалалық қызметтердің күштері мен құралдары тарапынан 74 адам, 20 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу