11 қараша сағат 10:56-да Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолы бойындағы барахолка базары маңында өрт шықты.
Бастапқыда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жалынның контейнерден шыққанын хабарлаған. Алайда өрт қойманы да шарпығаны белгілі болды.
"Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізілуде. Полиция оқиға болған жерді оқшаулауда. Бірақ жұмыстарға сол жерде жүрген куәгер кедергі келтіруде. Белгілі болғандай қойма отқа оранды. Өрт сөндіру бойынша 3 жедел штаб құрылды", – деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу