Президенттік мерзімі аяқталған АҚШ-тың қазіргі басшысы Барак Обама қоштасу баяндамасын 10 қаңтарда Чикаго қаласында сөйлейді. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.
Барак Обама өз баяндамасында елдің соңғы 8 жылда жеткен жетістігі мен келешегіне қатысты мәселелерге тоқталатынын мәлімдеді. Айта кетейік 20 қаңтарда жаңа сайланған президент Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтеді. Вашингтон қаласындағы Капитолий ғимаратында болатын салтанатты шараға 3 млн-нан астам қонақ қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу