2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Бари Алибасовтың "аяғы" жоғалды

1144

Бари Алибасовтың "аяғы" жоғалды

Өскеменде Бари Алибасовтың мүсінінің аяғы жоғалып кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Ғашықтар аллеясындағы белгілі музыканттың алтын түстес, гипстен жасалған мүсіні бар. Сол мүсіннің аяғы ұрланды. Онымен қоймай аллеяның мүсін орналасқан аумағына да біраз нұқсан келген.

"Ғашықтар аллеясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақтаулар боялып, орындықтар қалыпқа келтірілді. Барлық мүсіндерді тексеріп, қалыпқа келтіреміз", – деді "Өскемен-тәртіп" мекемесіндегілер.

Коммуналдық ұйымдар да келесі аптада мүсіннің аяғы орнына қойылады деп уәде беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу