"Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады"

1300

Президенттің айтуынша, қаңтар оқиғасына кінәлілерді жауапқа тарту тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс.

"Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады"

Дәл қазір Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды. 

Алдымен ол Nur Otan партиясының төрағасы қызметі аса жауапты жұмыс екенін атап өтті.

"Өздеріңізге мәлім, қаңтардың басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.

Оның айуынша, билік шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс берген.

"Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына кінәлі адамдар жауапқа тартылатынын айтты.

"Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз", – деді Президент мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу