"Бәрі мұнайда жұмыс істегісі келеді"

1048

Маңғыстау облысында білім және денсаулық салаларына қатысты ортақ мәселе бар, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

"Бәрі мұнайда жұмыс істегісі келеді"

Білім саласында – 98, денсаулық саласында 217 маман жетіспейді.

"Өңірде жалпы үш мың ваканция бар. Бірақ көбі мұнай саласына ғана орналасуды ойлап, сонда кезекке тұрады", – деген Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев білім мен денсаулық саласының кадрларына жасалып жатқан жағдайларды айтып өтті.

Маман тапшылығын шешу үшін жаңа оқу жылында білім саласының 54 маманына, денсаулық сақтау саласының 90 маманына облыс әкімінің гранты бөлініп, оқытылуда.  Бұған қосымша әр өңірде жоғары оқу орындарда оқитын 297 жасқа (екі сала бойынша) әлеуметтік көмек тағайындалған.

"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде білім және денсаулық сақтау саласында жалпы 196 маманға үй сатып алуға несие (851 млн теңге) және 295 маманға бір жолғы жәрдемақы берілді (86 млн теңге)", – дейді ол.

Басқа өңірлерден әлеуметтік салаға мамандар тарту үшін Ақтау қаласы мен аудандардағы жатақханалардан және тұрғын үйді жалдау арқылы 245 бөлме бөлінген (жатақханалардан 140 бөлме, оның ішінде Ақтау қаласы – 100, Мұнайлы ауданы – 30, Түпқараған ауданы – 10). Бүгінге 73 мұғалім орналасқан. Сондай-ақ 61 жалдамалы пәтер, 44 қызметтік пәтер бар. "Пәтерлер санын көбейту жоспарда бар", – дейді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу