Бәрі тәбет пен әмиянға байланысты – Сауда министрі

375

Арман Шаққалиев Жаңа жыл дастарханының бағасы туралы пікір білдірді. 

Бәрі тәбет пен әмиянға байланысты – Сауда министрі Фото: otyrar.kz

Мәжілістегі сауда саясатын дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Жаңа жыл дастарханының бағасы туралы пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

"Сенбіде сіздердің әріптестеріңізбен бірге базарға бардық. Өзім де таңғалдым, бірақ бұл Жаңа жылға арналған себет емес еді. Ірі көлемде азық-түлік сатып алғанмын, ол маған 24 мың теңгеге тиді.

Дәстүрлі Жаңа жыл дастарханы 37 түрлі тауардан тұратыны түсінікті. „Оливье“, „Сельд под шубой“, мандарин, ананас сияқты тауарлардың бағасына келсек, 9,8 пайыз қымбаттағанын есептеп шығардық.

Мен айттым, 37 түрлі тауардың бәрін сатып алған жоқпын. Базардағы бір әже айтқан сөз ұнады: „бәрі тәбетіңіз бен әмияныңызға байланысты“. Мен де солай дер едім", — деді министр.

Оның пайымынша, орташа тұтыну себеті осынша тұрады деп айту мүмкін емес.

"Мен құрма, қызанақ, қияр, ет, сүт өнімдерін, екі шелпек алдым. Жалпы жақсы бір стандартты себет алдық. Соған 24 мың теңге бердім. Базар болған соң саудаластық, әрине.

Жаңа жыл әркімнің жеке мерекесі. Бірақ бәрі „Оливье индексіне“ қарайды дегендей ғой. Сондықтан бәрі тәбетіңіз бен әмияныңызға байланысты", — деді Арман Шаққалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу