Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған Түркістан облысы тұрғынының әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, 3 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу қарастырылған. Сол себепті бәрі заңға сәйкес. Бәрінің көзі ашық, бәрі біледі. Осы қызғалдақтың түрі жазда бұрқ етіп шыққанымен, жоғалып кету қаупі бар. Сондықтан да бұл өсімдік Қызыл кітапқа енген. Бұл жерде заң бар, заңға жүгінейік" - деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Айта кету керек, осыған дейін Бас прокуратура 12 млн теңгенің қызғалдағын жұлған әйелге қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.