Бәрібір анықталады – Цой жалған вакцина төлқұжатын сатып алғандар туралы

4112

Оның пікірінше, вакцина төлқұжатының жалған-жалған еместігі тексеріс барысында анықталады.

Бәрібір анықталады – Цой жалған вакцина төлқұжатын сатып алғандар туралы

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға вакцина төлқұжатын сатып алмауға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр Қазақстанда вакцина төлқұжатын қолдан жасайтындармен күрес күшейгенін атап өтті.

"Бұл жұмысқа күштік құрылымдарды тарту бастамасын көтердік. Мемлекет басшысы аталған мәселені шешуге тапсырма берді. Вакцина төлқұжатын қолдан жасау бойынша 60-тан аса қылмыстық іс қозғалды. Мұндай ақпарат таратқан әлеуметтік желілерді бұғаттадық. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан желіде мұндай жарияланымдар азайды", - деді Алексей Цой ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұрғындар, медицина қызметкерлері вакцина төлқұжатын сатып алған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын түсініп жатыр.

"Бұл қадам оларды коронавирустан, ауру жұқтыру және жансақтау бөліміне түсу қаупінен сақтамайды. Бұл (вакцина төлқұжатын сатып алу – автор) өз-өзіңді алдау болып саналады. Ерте ме, кеш пе мұның барлығы анықталады. Себебі, барлығын тексеріп жатырмыз... Сондықтан барлығын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырамын", - деп түйіндеді сөзін министр министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу