"Бәрін қаралау артықтау шығар": Мәулен Әшімбаев Дубайда дүние-мүлкі бар қазақстандықтар туралы пікір білдірді

550

Активтер елден заңсыз шығарылған болса, олар тиісті тізімге кіргізіледі.

"Бәрін қаралау артықтау шығар": Мәулен Әшімбаев Дубайда дүние-мүлкі бар қазақстандықтар туралы пікір білдірді Фото: exclusive.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтардың Дубайда дүние-мүлкінің болуына қатысты ақпарат бойынша өз ойын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерге бұрынғы билікте істеген лауазымды тұлғалардың Дубайдағы мүлкі туралы сұрақ қойды. "Бұл мүлікті олар адал алды ма, жоқ па – оны тексеру керек пе? Қалай ойлайсыз?" деп сұрады. 

"Мен өзім оқымадым. Бірақ басқа ақпарат көздерінен пікірлерді көрдім. Менің білуімше, осы сұрақты Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті төрағасына қойдыңыздар. Комитеттің төрағасы бұл сұраққа солар жан-жақты жауап берді деп есептеймін. Комитет төрағасының айтуынша, бұл мәселелер жұмыс бабында қаралады. Егер сол активтер заңсыз шығарылған болса, олар тиісті тізімге кіргізіледі немесе қай жақтан алынғаны туралы нақты жұмыстар жүргізілетін болады", – деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, заңға сәйкес, тиісті шешімдер қабылданады.

"Сондықтан мұнда барлығы заңның аясында болады. Білуімше, 1500 қазақстандықтың Дубайда әртүрлі дүниесі, мүлкі бар деген ақпарат бар. Бірақ олардың бәрін қаралау артықтау болатын шығар. Оның ішінде кәсібімен айналысып, заңды түрде табысын тауып, алғандар да бар шығар. Сондықтан оның бәрін тиісті комитет заңның аясында қарайтын болады", – деді Сенат спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу